СҚО-да балалар лагері сенімгерлік басқаруға беріледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қызылжар ауданында орналасқан «Серебряный бор» балалар сауықтыру лагері сенімгерлік басқаруға беріледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тендерлік байқауға қойылған талаптар негізінде сенімгерлік басқарушы лагерьдің және оның инфрақұрылымының сақталуын және жаңғыртылуын қамтамасыз етуге, балалардың денсаулығын нығайтуға, демалысын мазмұнды ұйымдастыруы тиіс. Сондай-ақ санитарлық талаптарды, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін, көрсетілетін қызметтер сапасын төмендетуге жол бермеуге, табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізуге, ғимараттарды жөндеу және өз қаражаты есебінен материалдық-техникалық базаны нығайтуға міндетті.

Электрондық сауда алаңында орналастырылған ақпаратқа сәйкес, сенімгерлік басқару мерзімі сатып алу құқығынсыз 10 жылды құрайды. Құжатта лагерь тәрбиешілері мен тәлімгерлеріне, балалардың тамақтануына қойылатын талаптар да жазылған. Әр маусымда (5 маусым) кем дегенде 100 бала демалып, маусым-тамыз айлары аралағын қамтуы тиіс екені көрсетілгенін атап өткен жөн.

Жеке тармақта сенімгерлік басқарушының Қызылжар ауданының білім бөлімімен және облыс әкімдігінің білім басқармасымен келісім бойынша лагерь үй-жайларын жалға беруге құқығы бар екендігі көрсетілген. Бұл ретте, оның аумағында алкоголь және темекі өнімдерін сатуға және білім беру процесіне қатысы жоқ кез келген коммерциялық қызметке тыйым салынады. Тендерді 25 қаңтарда өткізу жоспарлануда.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz