Мектеп оқушылары жазда немен айналысады?

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында каникул кезінде мектеп оқушыларының 96 пайызын жазғы демалыстың бірнеше түрімен қамту жоспарлануда. Бұл туралы білім басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Басқарманың баспасөз қызметі хабарлағандай, 11 демалыс лагері бар. Каникул аяқталғанша мұнда алты мыңнан астам бала демалып, денсаулығын нығайтады. Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен аз қамтылған отбасылардан шыққан 2500 бала жолдама алды.

«Берёзка лагері қазір үшінші маусымын өткізуде. Мұнда 148 адам демалып жатыр. 10 күн бойы балалар өздерін қызықтыратын үйірмелеріне барады: хореография, музыка сабақтары, спорт секциялары, шахмат, қолөнершілер, көркем сөз, пионербол, «көңілді химия» және т.б. Бес мезгіл тамақтанады. Балалардың денсаулығын екі медицина қызметкері бақылайды. Бейнебақылау орнатылған»,  – деді баспасөз қызметі.

Оқушылар сарайының базасында 2000 баланы қамтитын жазғы академия ұйымдастырылды. Әр маусымда – 300-ден астам бала демалады.

«Жазғы тіл мектептері, оқу клубтары, өлкетану экспедициялары, өңіріміздің киелі жерлеріне саяхат, Петропавл, Астана қалаларының көрікті жерлеріне бару жоспарлануда. Бір күндік экологиялық-туристік саяхаттар ұйымдастырылады. Аула клубтарының жұмысы жалғасуда. Облыста олардың саны 25, жалпы саны 2,5 мыңнан астам баланы қамтымақ», – деп толықтырды баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz