Солтүстік Қазақстан облысының статистика департаменті өңірдің экономикалық дамуын қорытындылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өткен жылы өңірде ауыл шаруашылығы өнімін шығару көлемі 12,2 пайызға, өнеркәсіп өндірісі 4, ал құрылыс жұмыстары 10,8 пайызға өсті. Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 366 млрд. теңгені құрады.
– Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнімнің көлемі 1,1 трлн. теңгені құрады. Мал мен құс етінің 111 мың тоннасы, сүттің 648 мың тоннасы, тауық жұмыртқасының 706 млн. данасы өндірілді. Ал өнеркәсіп саласында шығарылған өнім бағасы 489,7 млрд. теңгеге жетті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 122,5 млрд. теңгеге бағаланды. Нәтижесінде пайдалануға берілген баспананың жалпы ауданы 300 мың шаршы метр болды, – деді СҚО статистика департаменті жетекшісінің орынбасары Жұлдыз Нұрғалиева.