298
Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Сот әкімшілігінің басшысы лауазымына жаңа қызметкер келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– Мемлекет басшысының өкімімен Наиль Рафисович Ахметзакиров Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды, — делінген Ақорда хабарламасында.
Еңбек өтілі:
- Шығыс Қазақстан облысының аудандық және облыстық прокуратураларында қызмет (2004-2009);
- Бас прокуратурада түрлі басшы лауазымдардағы қызмет (2009-2015);
- Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында басшылық лауазымдардағы қызмет (2015-2017);
- ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бастығы (2017-2018);
- Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2018-2019);
- ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы (05.2019 ж. бастап).