СҚО тұрғындарына жатыр обырына тегін тексеруден өту ұсынылады

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-дағы онкологиялық диспансерде қаңтардың 28-і өңір тұрғындары жатыр обырына жазылусыз және жолдамасыз тексеріле алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Медициналық мекеменің мәліметінше, ашық есік күні ауруды ерте анықтап және оның алдын алу үшін өткізіледі. 28 қаңтарда сағат 9-дан 13-ке дейін онкогинекологтар тексеру жүргізеді. Соның нәтижесі бойынша пациенттерді ультрадыбыстық зерттеуге жіберіп, цитологиялық зерттеу тағайындайды.

— Жатыр мойны обыры-әлемдегі ең көп таралған қатерлі ісіктің үшінші түрі және әйелдерде төртінші ең көп таралған гинекологиялық қатерлі ісік. Жатыр мойны обырына әкеп соқтыратын бұдан басқа да факторлар жетіп артылады. Атап айтқанда жатыр мойнының эрозиясы аталған дерттің пайда болуына әсерін тигізеді. Сондай-ақ жатыр мойнының жаралары мен жыныс жолдарының инфекциялары және темекі шегу қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін. Темекі шегетін әйелдердің жатыр мойны эпителийінің қорғаныс қабілеті төмендеп, вирусқа қарсы тұруға тым әлсіз болады, — делінген онкологиялық орталық жариялаған ақпаратта

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz