«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, таяу күндері Қазақстан аумағында ауа райында айтарлықтай өзгеріс болмайды. Десе де еліміздің көп бөлігінде сынап бағанасы 10 градусқа жылынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– Елдің батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына жоғары қысым аумағы әсер етуіне байланысты жауын-шашынсыз ашық ауа-райы сақталады. Қазақстанның қалған аумағы әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, осыған орай қар мен жаяу бұрқасын және жел күшейеді деп болжанды,- делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.
Синоптиктердің болжамынша, температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді. Республиканың оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 5 градус аяз-3 градус жылыдан 5-10 градусқа дейін жылынады. Ал елдің оңтүстік-шығысында 8 градус аяз-3 градус жылыдан 0-5 градус жылыға дейін біртіндеп жоғарылауы болжанды.