Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қазақстандықтар үшін ел ішінде туристік кэшбэк енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Qyzyzljarnews.kz тілшісі.
Мұндай жүйе қазақстандықтарға белсенді емес демалыс маусымы кезінде тур құнының 20% дейін қайтаруға мүмкіндік береді. Бастысы билеттер туристік агенттіктерден сатып алынған болу керек. Мысалы, құнының 20 пайызын қайтару Абай және Ұлытау өңірлеріндегі жаңа бағыттар үшін жарамды болады. Алматы, Бурабай бағыттарында кэшбэк 10% болады.
– Кэшбэк ішкі туризмді тартымды етудің жаңа құралына айналады. Сұранысты арттыру арқылы біз отандық туристік агенттіктерге қолдау көрсетеміз. Біздің министрлік туристік кэшбэк енгізу мәселесін қарастыруды тездету керек деп есептеймін, — деді Асхат Оралов.
Ұлттық статистика бюросы 2022 жылдың 9 айында курорттық аймақтарға 2,4 миллион отандық турист келгенін атап өтті.