Азаматтығын ауыстырған балаларға Ұлттық қордан ақша бөлінбейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров кулуарда 18 жасқа толмаған балалар азаматтығын ауыстырса, Ұлттық қордан қаражат алмайтынын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, жыл соңында Ұлттық қордың табыстылығы теріс болды. Мұндай жағдайда проблеманы болдырмау үшін 18 жылдағы орташа жылдық табыс алынады. Ал ол әрдайым оң болып келді.

– Балалардың 18 жасқа толған кезде алатын табысына салық салу жоспарланған жоқ. Егер бала азаматтығын ауыстырса, бұл қаражатты алмайды, басқа балаларға бөлінеді. Бұған дейін елімізде 6,5 миллион бала бар екенін айттым.  Бала шетелге кете алады, егер ол азаматтығын ауыстырмаса, онда ақшасы өзінде қалады. Сондай-ақ, егер ол 18 жаста әлі Қазақстан Республикасының азаматы болса, ақшаға ие бола алады,  – деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

2022 жылғы 1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына аударуды ұсынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz