СҚО-да 331 шетелдік автокөлік заңдастырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмысы еш қарбалассыз өтуде. Бүгінгі таңда Петропавл қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына теміртұлпарларды тіркеуге және қосымша ақпарат алу мақсатымен 2652 адамнан өтініш түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыста шетелдік көліктерді заңдастыруға 743 адам өтініш беріп, оның 412-сі криминалистердің тексеруінен өтті. Нәтижесінде теміртұлпарларға 331 азаматқа қазақстандық мемлекеттік нөмірлер тапсырылды.

– Келіп түскен өтініштердің 386-сы кедендік тазарту бойынша түзетулер енгізу үшін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне жіберілді, оның ішінде 91 адам оң жауап алды, – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Серік Әлжановтың мәліметінше, адамдармен байланыс арналары үнемі жұмыс істейді, қызметкерлер «Telegram»-чатта жұмыс уақытында Процессингтік орталықтың 8 (7152) 32-00-19, 32-00-22 телефондары бойынша кеңес береді. Полиция қызметкерлері әр жағдайды жекелей қарастырып, шешімін табуға көмектеседі. Бір апта ішінде телефон арқылы 200-ден астам адам кеңес алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz