Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектері Франкфуртта кездесті

Авторы: Qyzyljar News

Германияның Франкфурт қаласындағы еліміздің Бас консулдығында Назарбаев зияткерлік мектептері түлектерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Желтоқсан және қаңтар айларында Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектерін біріктіретін «Alumni NIS» – ұйымы бүкіл ел көлемінде алғашқы «SAMGAU» форумы ұйымдастырылды. Аталған кездесулерде әр жылдардағы студенттер бүгінгі оқушылармен маңызды ақпаратпен бөлісіп, оларды өз жетістіктерімен жігерлендірген болатын. Германияда оқитын NIS түлектері де елден жырақта жүрсе де бір-бірімен көрісу мүмкіндігін иеленді. Қазақстан Республикасының Франкфурт қаласындағы Бас консулдығында Германиядағы биохимия, цифрлық технология, машина жасау, инженерия, логистика және экология салаларында мамандандырылған үздік университеттерде оқитын NIS түлектері кездесті.

Солардың бірі – Петропавл қаласындағы NIS түлегі Ангелина Бендер қазір Technische Universität Munchen-де цифрлық технологиялар саласын меңгеруде. Қазірдің өзінде Германиядағы ең ірі сақтандыру компанияларының бірінде жұмыс істейтін ол сүйікті мектебінен зор мүмкіндіктер мен үлкен қолдау алғанын жасырмайды.

– NIS – менің дамуымның негізгі себепкері. 11-12 сыныптарда студенттік өмір үшін маңызды тәртіп пен уақытты басқару сияқты қасиеттерімді дамыта алдым. Мектепті А және А* көрсеткіштерімен аяқтап, ҰБТ-да ең жоғары ұпай жинадым. Кейін Германияның ғана емес әлемнің үздік (ТОР-50) жоғары оқу орындарының бірі саналатын Мюнхеннің техникалық университетіне түстім. Екінші курста мені Allianz сақтандыру компаниясына investment Accounting бөліміне жұмысқа алды, – деп бөлісті Ангелина Бендер.

Оқу мен жұмыстан бөлек Ангелина волейбол ойнап, молекулалық биологияны зерттеумен айналысады. Келесі жылы ол оқуын аяқтап, елге оралмақшы.

– Германиядағы кездесу желтоқсан-қаңтар айларында NIS түлектерінің туған жерінде басын қосқан бірінші «SAMGAU» форумының заңды жалғасы. Зияткерлік мектептің әрбір оқушысы, мұғалімі, ата-анасы біздің түлектеріміздің Қазақстанды әлемге лайықты танытып, «Alumni NIS» қағидаларына айналған «отанды сүю», «әлемді өзгерту», «нағыз тұлға» болуды насихаттайтынын мақтан тұтады. Бүгінде Германия университеттерінде Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің үш түлегі оқиды. Жалпы шетелдік жоғары оқу орындарына мектеп оқушыларының шамамен 15%-ы түседі,- деді «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz