Облыстық кәсіподақтар орталығы жанындағы үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында «2023 жыл – қауіпсіз еңбек жылы» деп бекітілгені туралы белгілі болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биылғы жылды еліміздің кәсіподақтары «Қауіпсіз еңбек жылы» деген ұранмен өткізеді. Оның аясында облыстың кәсіпорындары мен мекемелерінде «Еңбек адамының» рөлі айқындалмақ. Сондай-ақ үйлестіру кеңесінің отырысында «Үздік ұжымдық келісімшарт» республикалық байқауының қорытындысына туралы айтылды. Бұл сайыста «СҚО әкімдігі жанындағы Петропавл қалалық балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жеңімпаз атанды. Ал аталмыш ұйым кәсіподағының төрағасы Елена Шляхтинаға «Еңбек озаты», ал мекеме басшысына «Үздік әлеуметтік әріптес» медалі табысталды.