Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және нысандарда температураны тұрақтандыру үшін шара қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «Akorda.kz» сайтына сілтеме жасап.
– Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдау қажет, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді.