Соңғы үш жылда облыстың білім беру саласының бюджеті 1 жарым есеге өсіп, 134,8 млрд. теңгені құрады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков айтты. Оның сөзінше, бөлінген қаражаттың арқасында өңірде 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың 100 пайызы мектепке дейінгі білім беру орындарымен қамтылды.
– Қазіргі таңда 3 жасқа дейінгі балғындарды бөбекжай балабақшамен қамту мәселесі өзекті. Әзірге облыста мұндай балалардың 92 пайызы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне барып жүр. Өткен жылы 205 жаңа орын аштық. Олар Петропавлда — 90, Қызылжар ауданы — 40, М.Жұмабаев ауданы — 34, Айыртау ауданы — 20, Аққайың ауданы — 6. Үстіміздегі жылы бөбекжайларда тағы қосымша 210 бүлдіршінге орын қарастыруды жоспарлап отырмыз, – деді Нәзір Жәшібеков.