Алғашқы мониторингтің қорытындысы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы алғаш рет 4-9 сынып оқушыларының білім жетістіктеріне мониторинг жүргізілді. Республика рейтингісінде облыстың 4-сынып оқушылары 5-ші орынға, ал 9-сынып оқушылары 4-ші орынға жайғасты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі жүргізген мониторинг кезінде 4 және 9 сынып оқушыларының білім жетістіктері сараланды. Осылайша мектеп тәрбиеленушілерінің халықаралық, республикалық пәндік олимпиадалар мен байқау-жобалардың қорытындысы назарға алынды. Ал 11-сыныпта оқитындарға бөлек рейтинг шығарылды. Олардың Ұлттық бірыңғай тестілеудегі нәтижесі есептелінді.

Өткен жылы ҰБТ-ға облыстың 2486 түлегі қатысты, ол шамамен жалпы 11-ші сынып оқушыларының 73% пайызын құрады. Орташа балл – 74,96.

– 2021 жылы ҰБТ-дағы орташа балл 74,8 болды. Былтыр 74,96 ұпайды құрап, тестілеуге қатысқан түлектердің 63,6% грантқа түсті. Республикалық олимпиадалардың қорытындысына келер болсақ, 24 оқушымыз жеңімпаз және жүлдегерлер қатарынан көрінді. Олар жалпы сомасы 1,3 млн.теңгеге сыйлық ақы алды (1 орын – 100 мың, 2 орын – 75 мың, 3 орын – 50 мың).

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz