Облыста көші-қон заңнамасын бұзудың 30 фактісі тіркелді

Авторы: Qyzyljar News

Өңірде үш күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 30 фактісі анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасында «Шетелдік» акциясы қорытындыланды. Негізгі мақсаты – құқықтық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тарапынан Қазақстан Республикасында болу тәртібінің ережелерін бұзғандарды анықтау.

«Шетелдік» акциясының бірінші күнінде қалалық полиция басқармасының көші-қон полициясы бөлімінің қызметкерлері Петропавл сауда үйлерінің бірінде құрылысшы болып жұмыс істеген, бірақ еңбек қызметімен айналысуға рұқсаты жоқ 4 шетелдікті ұстады. Олардың барлығы – Өзбекстан Республикасының азаматтары екені анықталды. Нәтижесінде аталған құқық бұзушылық үшін шетелдіктер Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбіловтың айтуынша, акция қорытындысы бойынша шетелдік азаматтардың болу ережелерін бұзудың 30 фактісі анықталып, барлығы 30 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz