Қасым-Жомарт Тоқаев майнерлер қызметін реттейтін заңға қол қойды

Авторы: Qyzyljar News

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық активтер және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» заң және оған қосымша түзетулер пакеті майнерлердің қызметін реттейтін болады. Атап айтқанда, құжатта салық салу мақсатында цифрлық майнерлердің кірісі мен пулы туралы мәліметтерді ұсынуға қатысты нормалар қамтылған.

Құжаттар Қазақстандағы цифрлық активтер мен майнинг қызметін дамыту жөнінде құқықтық база жасау, субъектілердің қызметіне салықтық мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ цифрлық активтер саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті жүктеу мақсатында әзірленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz