ОСК ұсынған ақпарат бойынша, 2023 жылғы 6 ақпандағы жағдай бойынша төрт саяси партия партиялық тізім бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы құжаттар тапсырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Атап айтсақ:
«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі»;
«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі.
21 қаңтарда Қазақстан Республикасы ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс сайлауына жеті партияға қатысуға рұқсат берілгенін хабарлады:
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
«Amanat» партиясы;
«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы;
«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі;
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі»;
«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
«Respublica» партиясы.