Қасым-Жомарт Тоқаев Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен кездесу өткізді

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Радий Хабиров Қазақстан мен Башқұртстанның сауда-экономикалық, өнеркәсіп, инвестиция және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық серіктестікте Башқұртстан Республикасының ерекше орын алатынын атап өтті. Президент екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

– Біз Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы іскерлік ынтымақтастыққа қатысты нақты жобалар жасауға және дамытуға мүдделіміз. Сондықтан сіздердің компанияларыңыздың жетекшілерін Қазақстанға шақырамын. Біз барлық жағдайды жасаймыз. Бұған қызығушылық танытып отырмыз. Егер сіздердің тарапыңыздан индустриялық әлеуеті ескерілген өте маңызды бірлескен жобалар ұсынылса, жұмысымыз жемісті болады деп ойлаймын, – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Башқұртстан дәстүрлі түрде Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығын нығайтуға елеулі үлес қосуда. Оның пікірінше, түрлі бағыттар бойынша өзара ықпалдастықты кеңейтуге әлеует жеткілікті және Қазақстан оны толыққанды іске асыруға ниетті.

Өз кезегінде Радий Хабиров кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты дамытудың стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.

Фото: https://t.me/bort_01

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz