СҚО-да заңсыз діни қызметпен айналысқан екі шетелдік ұсталды (ВИДЕО)

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері заңсыз діни қызметпен айналысқан екі шетелдікті жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ресей Федерациясының екі азаматы жүзеге асырған заңсыз діни қызметті тоқтатты. Қазақстанда тіркелмеген діни ұйымның ізбасарлары өткен жылдан бастап облысқа келіп жүрген уақыттан бері Петропавл тұрғындарын өз ұйымдарының өміріне тартып, “жанның тазаруы болады” деп уәде берген. Осы ұйымға адамдарды ізбасарлар мен мессенджерлер арқылы тартқан қылмыскерлер – 42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел болып шықты. Жақында олар қаладағы Я.Гашек көшесінде орналасқан жалдамалы пәтерде ұсталды.

– Күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 489-бабының 10-бөлігі (Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы баптың 10-бөлігінде тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысу туралы жазылған,- дейді СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Аталған баптың санкциясына сәйкес бұл үшін 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салу көзделген. Бұл ұйым Ресей Федерациясының өзінде де тоталитарлық деп танылып, бүкіл аумағында оның әрекетінен тыйым салынған. Қазіргі уақытта құқық бұзушылардың заңсыз әрекеттерін одан әрі тексеру жүргізіліп жатыр.

play btn

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz