СҚО полицейлері шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша 3656 өтініш қабылдады

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтініштерді қабылдау бойынша жұмысты жалғастыруда. 23 қаңтардан бастап мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына 3600-ден астам өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетумен қатар, полиция қызметкерлері күн сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Осы жолы «Instagram» және «Facebook»-те облыстық полицияның ресми аккаунттарында өткізілген тікелей эфирге әкімшілік полиция басқармасының басшылығы қатысты. ӘПБ бастығы Серік Әлжанов пен процессинг орталығының аға мемлекеттік автоинспекторы Қайрат Сейітқұлов пайдаланушылардың сұрақтарына жауап берді. Негізінен желі қолданушылары автокөлікті заңдастыру процедураларынан өтудің негізгі алгоритмдеріне қатысты сауалдарын жолдады.

– Біздің облыстың автокөлік иелерінің назарына: тіркеу бойынша ешқандай мәселелер туындамайды, тек EGOV немесе Halyk қосымшасы арқылы өтініш беру керек. Бас тартқан жағдайда, егер Сіз барлық шарттардан өткен болсаңыз, Сізге арнайы ХҚКО-ға, Петропавл қ., Нефтепроводная көшесі, 7 мекен-жайы бойынша, мәселеге жеке жақындайтын полиция қызметкерлеріне жүгіну қажет, барлық тармақтарды түсіндіреді. Автокөлік иелерін белгілі бір сомаға Ресей Федерациясында есепке қоюға, есептен шығаруға, сатып алу-сату шарттарын жасауға уәде беретін алаяқтардың қулықтарына түспеу үшін қырағы болуға ескертеміз, — деп атап өтті СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Акция басталғаннан бері мамандандырылған ХҚКО-ға 3656 өтініш келіп түсті, оның ішінде криминалисттік тексеруден 986 өтінім өтті. Бүгінгі таңда барлығы 827 көлік тіркелген. Кедендік тазарту бойынша түзету жүргізу үшін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне барлығы 624 өтініш жолданды.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz