СҚО-да бір жыл ішінде азық-түлік 26% — ға қымбаттады

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті билік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын қалай ұстап отырғанын айтып берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы алқасының отырысында басшының міндетін атқарушы Дархан Әмрин бағаны тұрақтандыру үшін бірқатар шаралар қабылданып жатқанын хабарлады.

– Өңірде «айналым схемасы» іске асырылуда. Оның аясында қаржыландыру 3,6 млрд. теңгеге дейін жеткізілді. Осылайша, өнімді сатып алу 12 мың тоннадан 15 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 атауының 15-і облыста өндіріледі. «Рахат Опт» ЖШС жергілікті жарма зауыты қарақұмық жармасы мен күрішті бөлшек сауда желісіне төмендетілген бағамен жеткізуде. Әкімдіктермен бірлесіп, біздің фермерлер қарақұмықты арзандатылған бағамен тапсырады. Нарықтық құны 435 теңге болатын қарақұмық дүкендерде 330 теңгеден сатылуда. Ал сүт және ет өнімдері бөлшек сауда желісіне тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден жеткізіледі, — деді Дархан Әмрин.

Сондай-ақ ол 2019 жылдан бастап «DEZ» ЖШС жергілікті ұн тарту кәсіпорнына сауда желілерінде сатылатын және әлеуметтік нан мен макарон өнімдерін алты өндіруші арасында бөлінетін оралған ұн өндіру үшін астық сатып алуға жеңілдікті қарыз берілетінін айтты. Әлеуметтік нан өндіру үшін «Петропавл нан-тоқаш комбинаты» ЖШС жергілікті шаруа қожалықтары есебінен арзандатылған астықпен қамтамасыз етеді.

– «Радуга» ЖШС салған заманауи көкөніс қоймасының арқасында біз картоп өнімін маусым айына дейін, ал қырыққабат, сәбіз және пиязды мамыр айларына дейін сақтай аламыз. Осыған ұқсас көкөніс қоймаларын салу мәселесі пысықталуда. Көкөніс қоймаларының құрылысын субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау бар, — деді Дархан Әмрин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz