Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Үкімет отырысында Петропавл оқиғасындағы күдіктінің қалыпты мектепте оқуына рұқсат берген мекемені атады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заңды өкілі анасы болып анықталды. Күдіктінің психикалық денсаулығында проблема болған. Алматы қаласының Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруға рұқсат берген, — деді Марат Қожаев.
Еске салсақ, Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке қаруланып келіп, бірнеше баланы жарақаттаған болатын.