Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Авторы: Qyzyljar News
Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми Telegram арнасының жазуынша, Қазақстан Республикасы Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды. Бұл шешім мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қабылданып отыр.Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі.

15 ақпан күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35 мыңнан асқанын мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz