Мас күйдегі астаналық Петропавлда полиция қызметкеріне соққыға жықты

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда полиция қызметкеріне қол жұмсаған елорда тұрғыны ірі айыппұл төлеуі немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ақпан айының басында түнгі сағат 02:20 шамасында Әуезов көшесіндегі “391 модуль” стационарлық бекетінде қызмет атқарып жүрген Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қимылсыз отырған адамға назар аударған. Тәртіп сақшылары оған көмек ұсыну ниетімен қасына барып жөн сұраспақ болған кезде ішімдікте сылқия тойған Астана қаласының 44 жастағы тұрғыны қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін әкімшілік материал жинап жатқан полиция қызметкерлерінің біріне соққы жасаған.

– Аталған дерек Қазақстан Республикасы ҚК-нің 380-бабының 3-бөлігі (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Естеріңізге сала кетейік, билік өкілінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты оған қатысты күш қолдану үшін заңмен 4 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салудан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жауапкершілік көзделген, – дейді Петропавл қаласы ПБ тергеу бөлімінің бастығы Нұржан Омаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz