Өскеменде қысқы президенттік көпсайыстан ел біріншілігі өтті. Жарыста облыс намысын Тимирязев ауданының спортшылары қорғады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Дәстүрлі жарыста Тимиярзев ауданының спортшылары 3 алтын, 2 күміс медалді еншіледі. Жасөспірімдер тобында ер балалардан сынға түскен Никита Тарасов бірінші орынды иеленсе, Роман Суров екінші орынға табан тіреді. Ал қыздарда Эвелина Цокур мен Анастасия Гурьянова жеңімпаз атанды.
Біріншілікте ересектер де жарыс жолына шығып, Николай Суров 40-49 жас аралығындағы спортшылар санатында күміс медальға қол жеткізді.
Қысқы көпсайыс бағдарламасына пневматикалық мылтықтан ату, турникте тартылу, шаңғымен жүгіру жарысы кірді.