СҚО-да бір аптада 22 жүргізуші көлік басқару құқығынан 7 жылға айырылды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында 13-17 ақпан аралығында «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Күшейтілген тексерулердің нәтижесінде 5 күн ішінде 22 мас жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сондай-ақ тексеру барысында жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 6 фактісі анықталды. Полицейлер ескерткендей, жолаушыларды жеке тасымалдаумен айналысу үшін рұқсат құжаттары болуы қажет. Заңсыз тасымалдаушылар тарапынан клиенттер үшін ешқандай жауапкершілік қарастырылмаған.

– Ең жиі жасалған бұзушылықтардың бірі – жолдың рұқсат етілмеген жерінен немесе бағдаршамның қызыл түсіне өту. Өз өмірлерін қатерге тігіп қана қоймай, жолда апатты жағдай туғызуға шақ қалған 292 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, көлік басқару құқығынан айырылған 9 жүргізуші анықталды. 122 адам жылдамдықты асырғаны үшін, 2 адам жолдың қарсы қозғалыс бөлігіне шыққаны үшін жазаланды. Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде облыста жол жүрісі қағидаларының түрлі 1880 бұзушылығы анықталды, — дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz