Петропавл көшелерінің жолдарына қиыршық тастың орнына асфальт төселеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жемқорлық фактілері мен оған әкелетін себептерді анықтау мақсатында 15 мониторинг өткізді. Нәтижесінде мемлекеттік органдарға 150-ден астам ұсыныс берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Берілген ұсыныстардың дені бизнес жүйені жетілдіруге, әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталды. Қазіргі уақытта облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің нұсқамаларының 75 пайызы орындалды.

– Биыл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында өткізілген сыртқы анализ көрсеткендей, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы саласында 37 жемқорлық тәуекелі анықталды. Оларды жою үшін 83 ұсыныс пен нұсқама берілді. Мәселен, соңғы 3 жылдың ішінде Петропавл қаласы әкімдігі жолдарға қиыршық тас төсеу үшін бюджеттен 5 млрд. теңге бөлді. Қаражат игерілгенімен бұл жұмыстарды жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленген жоқ, – деді СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Сергей Перов.

Бүгіндері мұндай сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу үшін облыс басшылығына жолдарға қиыршық тас төсеуді Петропавл жолдарын асфальттау жұмыстарына ауыстыру туралы ұсыныс берілді.
Қазіргі уақытта бюджеттен облыс орталығының 17 көшесіне асфальт жамылғысын төсеуге 4 млрд. теңге бөлінді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz