СҚО-да мемлекеттік кәсіпорын балықтың келісін 12 мың теңгеден алмақ болған

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізіп, былтыр 2 млрд. теңге бюджет қаржысын үнемдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Сергей Перовтың айтуынша, маман-аналитиктер мемлекеттік сатып алу жүйесін назарда ұстап, күнделікті мониторинг жүргізеді. Мақсат – бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау.

– Жоспарлау барысында тауар бағасының қолдан бірнеше есеге қымбаттауына жол бермеу мақсатында жұмыс жүргізіледі. Біздің аналитиктер «сатып алудың бірыңғай терезесі» арқылы сыбайлас жемқорлық белгілері бар тапсырыс берушілерді анықтайды. Оның нәтижесі кейін «тәуекел тобындағы» бюджеттік бағдарламалардың барлық әкімгерлеріне жіберіледі. Осылайша оларға адекватты баға қоюға мүмкіндік береміз, — дейді Сергей Перов.

Былтыр осындай мониторингтердің нәтижесінде, жоспарланған сатып алу бағасын көтерудің 96 дерегі анықталды. 49 мемлекеттік орган бағаны төмендету бойынша шара қолданды. Нәтижесінде бюджеттің 2 млрд. астам теңгесі үнемделді.

— «Еңбек-Қызылжар» мемлекеттік кәсіпорнының филиалы минтай балығының келісін 12 мың теңгеден алуды жоспарлаған. Нәтижесінде 150 млн. теңге үнемделді. Тек биылғы қаңтар айы бойынша ғана 14 мемлекеттік органға 19 ұсыным хат жолданды. Олар мемлекеттік сатып алудағы өздерінің жоспарын қайта қарап, 170 млн. теңгені үнемдеді, — дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz