Петропавл қаласының әкімдігі облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізген тексерістің қорытындысына түсініктеме берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңірлік орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Сергей Перов Петропавл әкімдігінің балансындағы заңсыз жалға берілген 1,5 мың пәтер айтқан еді.
Петропавл әкімінің орынбасары Асқар Хабибулиннің айтуынша, Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөліміне тексеріс былтыр шілде айында жүргізілген.
– Баланстағы 1,5 мың пәтерде адамдар тұрғын үй заңнамасына сай тұрып жатыр. Бірақ, тексеріс кезінде әкімдік ол баспаналарға тиесілі құжаттарды көрсетпеген. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысымен түгендеу жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін тұрғындар заңсыз тұрып жатқан 3 баспана анықталды. Ол пәтерлер субарендаға берілген. Қазір келісімшарттар қайта қаралып, бұл пәтерлер қайтарылады. Тұрғын үй комиссиясында бұл мәселе қаралады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен қазіргі уақытта кешенді іс-шаралар жоспары құрылды. Бұл алда осындай заңбұзушылықтарға жол бермеу үшін қолға алынды, — деді Асқар Хабибулин.