СҚО Маңғыстау фермерлеріне арзандатылған бағамен кебек жібереді

Авторы: Qyzyljar News

Маңғыстау облысының фермерлері маусымаралық кезеңде ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жемді арзандатылған бағамен алады. Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі, астық өңдеушілер одағы, облыстық әкімдік, «Каспий» ӘКК-нің жем-шөп жөніндегі операторлар тобымен келіссөздер барысында тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мәселе Маңғыстаудың жеке қосалқы және фермерлік шаруашылықтары үшін кебек туралы болып отыр, оны Солтүстік Қазақстан облысының астық өңдеушілері бір келісін 65 теңгеден жеткізеді, ал нарықтағы бағасы келісіне 100 теңгеден сатылып жатыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін «BioOperations», «СевЕсильЗерно» және «Новоальжан комбинаты» ЖШС көрсетті. Бұл ретте астық өңдеушілердің өздері мал азығын тасымалдауға жәрдемдесетін болады. Осылайша, өңірге жеткізуді ескере отырып, кебектің бағасы келісіне 75 теңгені құрайтын болады.

Айта кетейік, климаттың ерекшеліктеріне байланысты Маңғыстау өңірінде жыл сайын жемшөптің шамамен 10% жиналады, ал қалғаны басқа өңірлерден жеткізіледі. Қазіргі қысқы кезеңге қажеттілігі 78 мың тонна шөп пен 23,8 мың тонна жем болған кезде жоспардың 98,5% және 101,8% дайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz