Көктайғақтың салдарынан дәрігерлердің көмегіне 58 адам жүгінді. Оның 10-ы жедел түрде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– Сағат 17:00-ге дейін келіп түскен ақпаратқа сәйкес, дәрігерлердің көмегіне 58 адам жүгініп, дені үйге жіберілді. 10 азамат ауруханаға жатқызылды. 23-і аяқ-қолдарын жарақаттап алды, – деп хабарлайды СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, көктайғақ салдарынан Петропавлда 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Абырой болғанда, қайтыс болғандар және түрлі дене жарақатын алғандар жоқ.