Петропавлда ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау әділ өтуі үшін республикада «BAQYLA» тәуелсіз бақылаушылардың қоғамдық қозғалысының филиалы ашылды. Оның 25 штабы еліміздің ірі қалаларында жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«BAQYLA» тәуелсіз бақылаушылардың қоғамдық қозғалысының облыстағы штабында 86 азамат енді. Естеріңізге салсақ, бұл мемлекеттік емес ұйым өткен жылы қараша айында құрылды.
Алдағы уақытта штабтың мүшелері Қазақстанның 25 ірі қаласындағы 3 мыңнан астам сайлау учаскесінде әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ететін болады.
— Келесі апта бақылаушылар үшін 3 тренинг ұйымдастырылады. Мен өзім штаб жетекшісі ретінде республикалық тренингтан өттім. Енді мен 5 куратор дайындаймын. Олар өз тобындағы бақылаушыларға үйретеді. Тренингта тәуелсіз бақылаушыларға сайлауға қойылатып талаптар, заңдар мен құжаттар бойынша түсінік береміз. Және тәуелсіз бақылаушы өзін қалай ұстауы керек екенін айтып, психологиялық тұрғыда дайындаймыз, – дейді «BAQYLA» штабының СҚО бойынша жетекшісі Зүлфия Тухватуллина