ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшылығы СҚО полициясының жеке құрамымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
ҚР Ішкі істер министрлігі өзіндік қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары Әділет Бекмұрзинов солтүстікқазақстандық полицияның басшылығымен және жеке құрамымен әңгімелесті. Кездесуге күн сайын халықпен жұмыс істейтін қызметтер – учаскелік полиция инспекторлары, облыстық және қалалық патрульдік полиция батальондарының қызметкерлері шақырылды. Сондай-ақ СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев, облыстық және қалалық полицияның барлық жетекші бөліністерінің басшылары қатысты.
Қатаң тәртіп, адамгершілік, парасаттылық. Жұмыстың сервистік моделі шеңберінде полиция қызметкерлері тарапынан осы талаптар сақталуы тиіс. Әділет Бекмұрзинов қазіргі полицейлер барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Сондықтан олардан өздерінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындау және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік талап етіледі.
Полиция қызметкерлерінің парасаттылығын тексеру жөніндегі “Integrity check” қанатқақты жобасының механизмі мен оң әсерін түсіндіруге ерекше назар аударылды. Аталмыш жоба еліміздің өңірлерінде Мемлекет басшысы бекіткен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы шеңберінде қолданылып жатыр.
Облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен полиция қатарында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді.