Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай бастау алған челленджге қатысып, ақынның өлеңін оқыды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Мен жастарға сенемін» челленджіне қолдау білдірген Айдарбек Сапаров Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім» деген өлеңін оқыған.
— Биыл қазақтың ұлы ақыны, Алаш қайраткері, жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толады. Осыған орай, Мағжан Жұмабаев ауданының оқушысы Жасмин Қалдыбек «Мен жастарға сенемін» челленджін бастады. Бұл жақсы бастаманы еліміздің белгілі азаматтары қолдап, Мағжанның өлеңдерін оқып жатыр. Мен Жарасбай Сүлейменовтен эстафетаны қабыл алып, Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім» өлеңін оқыдым. Бұл челленджді Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Ольга Перепечинаға және СҚО аудандарының әкімдеріне жолдаймын», — деп жазды Айдарбек Сапаров.
Аталған челленджді екі апта бұрын ақиық ақын Мағжанның құрметіне Сарытомар ауылының 12 жастағы тұрғыны Жасмин Қалдыбек бастаған еді.