Облыс әкімі Айдарбек Сапаров «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовпен кездесті. Бұл туралы өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Samruk-Kazyna Construction» – еліміздегі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асырудың бірыңғай операторы. Ұлттық жоба аясында Петропавл қаласының шағын аудандарында 4 мектеп салу жоспарланып отыр.
– Биыл облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында екі мектептің құрылысы басталады. Кездесуде орта білім ордаларын тұрғызу жөнінде әңгімелестік, – деп жазды Айдарбек Сапаров.