Алғыс айту күні қарсаңында Петропавл қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің мамандары, облыстық аналар кеңесінің төрағасы Жұлдыз Саттарова және кәсіпкер Рамис Сәлімжановпен бірлесіп, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға барды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Көптеген отбасыларда 4-5 кәмелетке толмаған баладан бар. Тәртіп сақшылары барлығына азық-түлікпен көмектесіп, балаларды тәтті сыйлықтармен қуантты. Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға тағы не қажет екенін білу мақсатында жақын ара әңгімелесті. Петропавл қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы Әсем Ілиясованың айтуынша, мұндай іс-шаралар балаларға мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға көмектесіп, әрі полицияның халықпен жақындасуына ықпал етеді.
— Халықпен тікелей диалог – бұл жұмыстың сервистік моделі қағидаттарына негізделген полиция қызметіне заманауи көзқарастың қажетті құрамдас бөлігі, — дейді Әсем Ілиясова.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі