СҚО-да пай бойынша 41 мың адамның ақысын жеген 70 шаруашылық анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық прокуратура «ПАЙ бойынша өз құқығыңды қорға» атты жобаны қолға алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.

Бұл жобаның мақсаты – елді мекендерде жер үлесі бар тұрғындардың мәселесін шешіп, құқықтарын қорғау.

Осы мақсатта қадағалаушы орган облыстағы жер үлесі бар азаматтардың жалпы санын, пайдағы жердің нақты аумағын анықтау үшін ревизия жасады. Жиі кездесетін мәселелерді анықтады.

– Тексерістің қорытындысы бойынша, 70 шаруашылықтың 41 мың адамның пай үшін алуы тиіс ақысын дұрыс бермей отырғандығы анықталды. Бұдан басқа пайшылардың негізгі проблемалары – жердің заңсыз кепілге қойылуы немесе шартты жер үлестерін жоғалту, кәсіпорын құрамынан шығуға кедергі келтіру, пайға тиісті дивиденттерді төлемеу. Тексеріс барысында пайшылардың шартты жер учаскелерін олардың келісімінсіз кепілге қойып, кредит алудың тұрақты қолданылып келген тәсілдері анықталды, — делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Осы мәселе бойынша облыс прокуроры Бағбан Тайымбетов Айыртау, Шал ақын, Тайынша, Есіл, Ғ. Мүсірепов аудандарына барып, пай бойынша мәселесі бар ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізді. Пайшылардың құқықтарын қорғау мақсатында 28 талап арыз енгізілді.

2020 жылдан бастап жер заңнамасы саласында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыс нәтижесінде ауданы 124 мың га болатын 232 жер учаскесі қайтарылғанын болатын. 26 проблемалық кәсіпорындағы жалпы аумағы 257 мың га болатын 11 мыңнан астам пай иесінің құқығы қорғалды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz