Мамлют ауданының тұрғынына жайылымдық жер берілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мамлют ауданының тұрғыны Александр Беккель 2017 жылдан бастап жылқы шаруашылығымен айналысып келеді. Уақыт өте келе жеке кәсіпкер Қамбар ата төлінің санын көбейтуге бел буады. Алайда жылқы көбейген сайын  жайылымдық және шабындық жерге қажеттілік туындаған. Бұл мәселемен азамат «Amanat» партиясы СҚОФ-ға жүгінген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz

Аталған мәселені шешу үшін Александр Беккель «Жер аманаты» бағдарламасы бойынша конкурсқа өтінім берген. Оны комиссия мүшелері қарап, жеке кәсіпкерге 86 гектар жер беруді ұйғарған. Кәсіпкер бөлінген жер учаскесін тиімді пайдаланбақшы. Себебі ол келешекте ірі қара мен қой өсіруді жоспарлап отыр.

— Мал шаруашылғымен айналысамын деушілерге  шабындық пен жайылымдық жер ауадай қажет. Жер қатынастары бөлімі бос жатқан жерлерді анықтап, оларды конкурстық өтінімге береді. Бұл жағынан ешқандай  кедергі жоқ. Сондықтан барлық шаруаларға осы конкурсқа қатысыңыздар дегім келеді. Өзім жылқы шаруашылығына 2017 жылы ден қойдым. Қазір 30 бас жылқым бар. Етті бағытта да жұмыс істейміз, жылқы санын көбейтумен де айналысамыз, – деді Александр Беккель.

Биыл Мамлют ауданы бойынша  1500 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр. Мамлют аудандық жер қатынастары бөлімі осы жылы 1707 жерді мемлекетке қайтарған. Жоспар 113 пайызға орындалған. Барлық жер учаскелері «Жер аманаты» бағдарламасы бойынша байқауға қойылды.

 — Бүгінгі таңда 10 лот ойнатылып, жер пайдаланушыларға 1507 гектар жер берілді. Оған 35 конкурстық өтінім қалдырылған. Жер комиссиясы конкурстық өтінімге тапсырылған бизнес-жоспарларды есепке алды. Барлық учаскелер мал шаруашылығымен айналысатын агроқұрылымдарға берілді, – деді Мамлют аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Раушан Сайпенова.

a47db2eb f749 41a4 b858 846a9983d38ac620aa2e 176a 472b ae68 2c1d6bbff701

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz