1- наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні.

Авторы: Qyzyljar News

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс орталығында техника көрсетілімін ұйымдастырды. Іс-шарадан өрт сөндіру және басқа да жедел қызметтердің жұмысымен қала мектептерінің оқушылары танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл Азаматтық қорғаныс күні «Қауіп-қатерді бағалаудағы заманауи технологиялардың рөлі» ұранымен өтіп жатыр. Мамандандырылған техника мерекеге орай жұртшылықтың назарына ұсынылып, өрт сөндірушілер солтүстікқазақстандықтармен өз тәжірибелерімен бөлісті.

— Бүгін балалардың назарына авариялық-құтқару техникасы ұсынылды, олар командалық-штабтық машина, автосаты, қайықтар, түрлі өрт сөндіру машиналары. Бұлар төтенше жағдайларды жоюға тікелей қолданылатын техникалар. СҚО аумағында да, қажет болған жағдайда басқа өңірлерге де жіберіледі,- дейді, СҚО ТЖД басшысының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

Мұндай танымдық кездесулер мектеп оқушылары үшін бір ай бойы ұйымдастырылатынын айта кеткен жөн. Сондай-ақ өрт сөндіру бөлімдерінде ашық есік күндері өтеді. Онда құтқарушылар балаларға қауіп төнген жағдайда өзін қалай ұстау керектігін айтады.

— Айлық 20-шы ақпаннан бастап, 20-шы наурызға дейін өтеді. Және де осы аралықта орта және жоғары білім беру мекемелерінде түрлі сайыстар, эстафеталар, конкурстар ұйымдастыру жоспарда бар. Өрт сөндірушілер өз тәжірибелерімен бөлісіп, төтенше жағдайлар кезінде қандай ережелерге жүгіну керектігін түсіндіреді,- дейді СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Ризабек Темірбеков.

Осы жолы алаңға 8 техника қойылып, 20-ға тарта маман жұмылдырылды. Нәтижесінде бүгін мыңға жуық мектеп оқушысын қамтымақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz