Петропавлда ерекше балаларға арналған клуб ашылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі және денсаулығында ауытқуы бар балаларға арналған «Жас жауынгер» сауықтыру клубы ашылды. Еріктілердің күшімен іске қосылған жоба аясында ерекше балғындар спорттық үйірмелерге қатысу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Qyzyljartv.kz телеарнасына сілтеме жасап.

«Жас жауынгер» дене шынықтыру және сауықтыру клубының спорт залында даун синдромы мен ДЦП-ға шалдыққан 15 бала жаттығады. Бұл орталықтың ашылуымен ата-аналар ерекше балаларын арнайы үйірмелерге жаздыртуға мүмкіндік алды. Жаттықтырушы Наталья Третьякованың айтуынша, Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандар көп, бірақ оларға арналған сауықтыру кешендері мен спорт үйірмелері мүлдем жоқтың қасы.

– Жаттығуларымызда армрестлинг, ММА спортының тәсілдерін қолданамыз, балаларды бейімдейміз. Олардың қандай спорт түріне ыңғайы келетінін көреміз. Бұл балаларды өздерін танытуға және әртүрлі спорт түрлерімен айналысуына үлкен мүмкіндік, – дейді жаттықтырушы Наталья Третьякова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz