Биыл мемлекеттік бюджеттен Петропавл балық тәлімбағына 65 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазір Петропавл балық тәлімбағында уылдырық өсіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Технологиялық талаптарды сақтау түпкілікті нәтижеде шешуші рөл атқарады дейді мамандар. Уылдырықты өндіру үшін «Вейс» аппараты қолданылады.
Балық уылдырығының инкубациялық кезеңі 6 айдан асады. Биыл балық тәлімбағында барлығы 110 миллион жұмыртқа дайындалды.
— Биылғы жылы ақ балық жұмыртқасының қоры 35 миллионнан асады. Сергеев су қоймасына 30 миллионға жуық уылдырық шашылады. Осы жылы қойылған барлық міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 65 млн. теңге бөлінді, — дейді «Петропавл балық тәлімбағы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкері Анастасия Молоткова.
Маманның айтуынша, Солтүстік Қазақстанның су айдындарына ақ балықтың уылдырықтары сәуір айында жіберіледі.