Дәурен Абаев ТМД бас хатшысының орынбасары болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Дәурен Абаев ТМД бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды. Ақпаратты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитеті растады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Дәурен Абаевтың ТМД бас хатшысының орынбасары болып тағайындалғаны хабарланды. Бұған дейін ол Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарып, 4 қаңтар күні қызметінен босатылған еді.

Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Лейден университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

  • 2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.
  • 2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында ҚР Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.
  • 2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында — ҚР Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.
  • 2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.
  • 2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында — ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.
  • 2009 жылдың қазанынан — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
  • 2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
  • 2011 жылғы шілдеден — ҚР Президентінің кеңесшісі.
  • 2016 жылғы 6 мамырдан ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі.
  • 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап ҚР Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.
  • 2020 жылдың 4 мамырынан – ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
  • 2021 жылдың 11 қаңтарынан — 2023-тің 4 ұаңтарына дейін ҚР Мәдениет және спорт министрі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz