Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағында облыстық конференция өтті

Авторы: Qyzyljar News

Аталған жиында сала өкілдері соңғы 5 жылда атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы уақытқа мақсат-міндеттерді айқындады. Бұдан бөлек жиын барысында ұйым төрағасы қайта сайланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағына 10 мыңға жуық адам мүше. Ұйымның маңыздылығы жыл санап артып келеді. Оның негізгі міндеті – аталмыш салада жұмыс істейтін қызметкерлерге лайықты еңбек жағдайларын жасау, қолдау көрсетіп, облысымыздың агроөнеркәсіптік кешені өкілдерінің құқықтарын қорғау.

— Кәсіподақ – бұл еңбек адамын қолдайтын және көмектесетін ұйым. Сондықтан да бүгін біздің жоспарымыз бойынша «СҚО ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі есебі мен төрағасын таңдау бойынша конференция өтуде,-деп хабарлайды «СҚО ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» коғамдық бірлестігінің төрағасы Бекет Нұғыманов.

Соңғы бес жылда жергілікті ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағына қосылған жерелстеріміздің саны екі есе өсті. 2, 5 мыңнан астам адам шипажай– курорттық емдеумен қамтамасыз етілді. Бес жүзден астам адам түрлі марапатқа ие болды. Мұның бәрі ұйым төрағасы Бекет Нұғымановтың басшылығымен іске асқанын айта кеткен жөн. Конференция барысында ұйым төрағасы қайта сайланды. Бұл лауазымға жиналғандар бір ауыздан Бекет Нұғымановты лайық деп таныды. Жиын соңында сала ардагерлері және ауыл шаруашылығын, кәсіподақ қозғалысын дамытуға зор үлес қосқандар марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz