Талдықорғанда грек-рим күресінен жастар арасында ел біріншілігі өтті. Республикалық жарыста өңір намысын қорғаған жерлестеріміз Қазақстан чемпион атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
50 килограмм салмақ дәрежесінде Хамит Нәбиев өнер көрсетті. Жарыста олтөрт кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Ақтық сында ол Алматы облысының балуанымен белдесті. Бұл бәсекеде Хамит 8:0 есебімен ұтты.
82 килограмм санатындағылар арасында жеңіс Ислам Евлоевқа бұйырды. Солтүстікқазақстандық спортшы бес мәрте боз кілемге шығып, барлық қарсыласын тізе бүктіріп, алтын медальді еншіледі.