Қостанайда кикбоксингтен жастар арасында ел біріншілігі өтті. Жарысқа қатысқан солтүстікқазақстандықтар 5 жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кикбоксингтен ел біріншілігіне 2005-2006 жылдары туған спортшылар қатысты. Қазақстанның 18 қаласынан 265 кикбоксшы бақ сынады. Жарыста өңір намысын облыс командасының еншісіне 5 медаль түсті, оның 2-уі күміс, 3-уі қола жүлде.
– Біздің командамыз жыл сайын ел біріншілігіне қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінеді. Биыл 57 кг салмақта Таласпай Қасымов, 63,5 кг санатында Мұхаммед Тәліпов екінші орынға ие болды. Олар фул-контак бағытында өнер көрсетті, – дейді кикбоксингтен облыстың аға бапкері Әділ Нұржауыпов.
Қола медальдарды 75 кг салмақта Михаил Крылов, 86 кг-да Станислав Загребельных жеңіп алды. Ал қыздар арасында Меруерт Билденнің бағы жанып, ол да үшінші орынға тұрақтады.