Еліміздің 10 өңірінде өзен сулары тасуы мүмкін

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Қазгидромет» РМК су тасқыны бойынша негізгі болжамды жариялады. Қазақстанның жазық өзендерінде көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеулер деректері негізінде жасалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК өңдеген NASA спутниктерінің ЖҚЗ (Жерді қашықтықтан зондтау) суреттеріне сүйенсек, 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның қарлы аумағы 72% болды.

 

– Жауын-шашынның мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштерін, топырақтың қату тереңдігін, сондай-ақ өзендердің мұз режимдерін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді, – делінген хабарламада.

Қауіп жоғары аймақтар: Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстары.

Орташа қауіпті: Павлодар, Атырау және Ұлытау облыстары.

Қаупі төмен өңірлер: Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстары.

– Қарағанды (Нұра өзенін қоспағанда), Ұлытау, Ақмола (Жабай өзенін қоспағанда), Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы ылғал қорының көлемі орташа көпжылдық мәндерден 13-44%-ға төмен. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында орташа көпжылдық мәннен 37%-ға және 74%-ға жоғары, – «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта қар жинау процесі жалғасуда.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының өзендерінің бассейндеріндегі топырақтың күзгі ылғалдану көрсеткіштері орташа көпжылдық мәндерден жоғары. Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Ақтөбе облыстарының өзендерінің бассейндеріндегі орташа көпжылдық мәндерден төмен.

Топырақтың қату тереңдігі Ұлытау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында өткен жылғы көрсеткіштерден орта есеппен 5-тен 115 см-ге дейін жоғары. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында өткен жылғы көрсеткіштерден орта есеппен 6-дан 35 см-ге дейін төмен.

– Ақпан айында температураның жоғарылауы және қатты жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде жоғары еріген-жаңбырлы су тасқыны өтуі мүмкін, «Қазгидромет» РМК.

Наурыз, сәуір айларында метеостанциялардағы көпжылдық бақылауларға сәйкес тәулігіне бір айлық жауын-шашын мөлшері түсуі мүмкін, бұл қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуына алып келуі мүмкін.

Консультативтік синоптикалық ауа-райы болжамына сәйкес, 2023 жылдың наурызында елдің басым бөлігінде күн райы негізінен жылы және жаңбырлы болуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz