СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да және еліміздің 12 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып.

— Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батыс бөлігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың шығысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда көктайғақ, қатты жел болады, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды,- делінген «Қазгидромет» РМК жариялаған ақпаратта.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz