СҚО-да полиция криминалистінің қызы поэзия байқауында бірінші орынға ие болды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полиция департаменті жедел криминалистикалық басқармасының бас криминалисті Сергей Матвеевтің алты жасар қызы Виктория Матвеева поэзия байқауында бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ІІМ жедел криминалистикалық департаменті қызметкерлердің балалары арасында “Криминалист мамандығы” байқауы ақпанның 10-24 аралығында өткізілді. Оған бес жас тобындағы сот-медициналық бөлімшелер қызметкерлерінің балалары қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен 3-6 жас аралығындағы топта Виктория Матвеева әкесінің мамандығы туралы өлеңі үздік деп танылды. 15 қысқа жолда жазылған өлеңде қызы әкесіне деген сүйіспеншілігін және оның күрделі кәсібіне деген құрметін ерекше білдіре алды. Байқаудағы жеңісімен қызды СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин құттықтады. Ол Викторияға әрдайым шығармашыл, белсенді болуға, жақсы оқып, ата-анасын қуантуды тілеп, диплом мен сыйлық табыс етті.

– Балаларымыздың шығармашылық байқауға қатысуға мүмкіндік бары қуантады. Барлық балаларға белсенді қатысқандары үшін, ал ұйымдастырушыларға тамаша идея үшін алғыс айтқым келеді. Біздің ұжым қызметкеріміздің қызының жетістігін мақтан тұтады, – деп атап өтті СҚО ПД ЖКБ бастығы Қанат Оспанов.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz