Халықаралық әйелдер күні қарсаңында “№50 мекеме” РММ-де “Ашық есік күні” өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Іс-шараға еліміздің әртүрлі аймақтарынан 100-ден астам сотталғандардың туысы келді. Қонақтар үшін әйелдер мерекелік концерт ұйымдастырды. Дастархан жайып, тәттілермен швед үстелін дайындады. Сондай-ақ тұрғын үй – тұрмыстық жағдайлармен танысу шеңберінде экскурсия өткізілді. Сотталғандардың туыстары әжелерін, аналары мен қыздарын қайта көріп, мерекемен құттықтауға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.
Айта кету керек, әйелдер колониясында “Ашық есік күні” жыл сайын өткізіледі. Туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарды сақтау сотталғандарға оң әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар тәрбие жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.