Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылы 540 км құрайтын жолды жөндеу жоспарлануда. Бұл туралы аймақ басшысы Айдарбек Сапаров үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының автомобиль жолдарының ұзындығы бойынша ел көлемінде екінші орында.
2023 жылы жол төсемінің жағдайын жақсартуға 24 млрд. теңге қарастырылған. Бұл бөлінген қаражаттың арқасында облыстық маңыздағы жолдардың 480 км, кентішілік жолдардың 60 км жөнделеді деп жоспарлануда. жоспарлануда.
— Тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жолдардың үлесін 2026 жылға қарай 95% — ға дейін жеткізу бойынша республикалық бюджеттен жыл сайын 40 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлуді қолдауды сұраймыз, — деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.